15
ноябрь
2023
«Теңге-ұлттық ақшамыз» атты ой-шақыру
Мектеп кітапханашысының ағымдық жоспарына сай, ҚР ұлттық валютасының қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына орай, 4 сынып оқушыларымен «Теңге-ұлттық ақшамыз» атты ой-шақыру, жұмбақ шешу сайыс-сабағы өткізілді.
Сабақтың барысында оқушыларға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызы, төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді.