29
ноябрь
2023
«Бір отбасы-бір кітап» отбасылық оқу дәстүрі
Ұлы ойшыл Абай атамыз адамға мінез ата-анасынан, ұстазынан және құрбысынан жұғады деген. Дана халқымыз «баланы – жастан» деген ұстаныммен оның тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, кішкентайынан өнер-білімге, кітапқа құштар болып өсуі үшін барын салған. Осыған орай, 29 қараша күні мектеп кітапханасында ағымдық жоспарға сай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында , Мұхтар Әуезовтың «Көксерек » әңгімесі бойынша Серекбайлар отбасымен «Бір отбасы-бір кітап» отбасылық оқу дәстүрі өткізілді.