24
сентябрь
2024
2024 жылдың 20 қыркүйек күні Т.Көбдіков орта мектебінде аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
2024 жылдың 20 қыркүйек күні Т.Көбдіков орта мектебінде аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Байқаудың міндеттері:
• Зерттеуші-педагогтің шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау;
• Практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу;
• Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;
• Шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеялармен және жобалармен бөлісу.
Байқау нәтижесі шығарылып, мұғалімдер мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!