28
февраль
2020
Алғыс айту күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді.
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нде
Алғыс айту күніне орай 28 ақпан 2020 ж тәрбие сағаттары өткізілді.
«Заманына қарай адамы» дегендей, қазір бүкіл әлем болып жаңадан тойланып жатқан Алғыс күні кеңінен етек жайып келеді. Аты жаңа болғанымен, ежелден қонақжай халқымыздың ділі мен салтына жақын болып тұрған мейрам біздің мектепте жыл санап, ерекше дәуірлеп келеді. «Алғыс алған арымас» деген мақал бұрыннан бар, соның төнірегінде «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары түрлі іс-шараларға белсене қатысты. Осы жылғы Алғыс айту апталығының ішінде шоқтығы биік іс-шара – әр сыныпта өткізілген тәрбие сағаттары болды. Олардың осы жолғы ерекшелігі - әр сыныпта тәрбие сағатын ата-аналар өткізді. Мақсаты: мектеп өміріне, бала тәрбиесіне ата-ананы қызықтыру, оларға педагогикалық жәрдем беру, отбасы мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және ата-аналардың бойында мектепке деген сенімділікті арттыру, мұғалімдердің жанын түсініп құрметтеуге, ауыр кәсібін түсінуге шақыру.
Көптеген ата-аналар жаңа үрдіске қызығушылықпен қарап, жаңа форматтағы іс-шараны кеңінен қолдады, келесіде осындай іс-шараларды өткізуге өздерінің тың көз қарастарын білдіріп, ұсыныстарын айтты. Оқушыларға да күнделікті көріп жүрген өздерінің, достарының ата-аналарын жаңа қырынан тану ерекше болып, екі жақта да толқыныс, жауапкершілік байқалды. «Отбасы – бала – мектеп» үштағанын дамыту үшін осындай іс-шаралардың қажеттілігі байқалды. Мұғалімдерінің сөзін жерге тастамай, сынып сағатын тайсалмай өткізген ер де өжет ата-аналарымызға мың алғыс білдіреміз!