21
июнь
2022
Шар қаласындағы «Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де (бұрынғы Калинин атындағы негізгі 8 жылдық мектеп) 1976 оқу жылында тәмамдаған түлектердің 46 жылдан соңғы кездесуі болды.
Жер аяғы кеңіген жаздың жайма шуақ күнінде ұйымдастырылған жылы жүздесулердің бірі — Шар қаласындағы «Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де (бұрынғы Калинин атындағы негізгі 8 жылдық мектеп) 1976 оқу жылында тәмамдаған түлектердің 46 жылдан соңғы кездесуі болды. Өмірдің сан тарау белестерінен өткен түлектер... өздері білім алған мектебінде арнайы кездесу ұйымдастырып, сынып жетекшілері Тлеуова Күлзада Шахманқызына құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Сыныптастар бір-бірімен құшақтасып, қалжыңдасып жатты. Кездесуге түлектер еліміздің түпкір түпкірінен келді. Атап айтатын болсақ – Абилдинова Айтбала, Акимеев Нұрғазы, Оразғалиев Алибек, Барлыбаева Сауле, Баядилов Бедыкен, Ибраимова Назигуль, Кучербаев Оразбек,Коканов Кабыкен, Сеилханова Шолпан, Мусаханов Мурат, Мурумбаева Шолпан, Мукеева Бакыт, Катпаев Толеубек, Сулейменова Аманғайша, Исанов Сериказы, Кабикужинова Ания, Шарипбаева Нұржамал. Әрқайсысы өмірден өз жолын тапты. Ойы зерек, талабы ерек бұл сыныптағы түлектер арасында бүгінде қайсыбір мамандықтың иесі табылады. Дәрігер, құрылысшы, полковник шеніндегі қызмет иелері бар. Сондай-ақ, ұстаздардың ұлғаты болар олардың біразы мұғалімдік мамандықты таңдап, бүгінде ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді. Мектеп өмірінен есте қалған қызықты сәттерді еске алды. Оқушы кездегі суреттерінен видео көрсетілді. Кездесуде түлектер мектептің бүгінгі буын оқушыларының өнерін тамашалады.