14
ноябрь
2022
«Құқығым бар»
14 қараша күні "Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндігіне орай құрылған жоспарға сәйкес қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тоғжан Тонтаковнаның ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар арасында «Құқығым бар» тақырыбында эссе жазу бойынша байқау өткізілді.
Мақсаты: Оқушының өз ойын, негізгі идеясын тезис ұстанымынан ауытқымай, жазу стиліне қатысты көркем тіл құралдарын, сөз оралымдарын дәл, орынды пайдалану арқылы шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Эссе қорытындысы бойынша 1- орынды 7 «А» сынып оқушысы Бейсетай Диана, 2-орынды 9 «А» сынып оқушысы Қайырбекқызы Айша,3-орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Абдрахманова Аружан иеленді.