06
апрель
2023
7 сәуір –Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні
7 сәуір –Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күніне орай, 6 сәуір күні 5-11 сынып қыздары үшін, Шар қалалық ауруханасының акушер-гинеколог маманы Аида Берікболқызымен «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
Кездесу барысында «Мерзімінен бұрын ерте жүктілікті алдын алу», «Ерте жыныстық қатынас тәрбиесі», «Қыздар арасындағы гигиеналық талаптар» атты тақырыптарында әңгіме жүргізілді. Бүгінгі кездесуден қыздар өмірге пайдалы, маңызды ақпарат ала алды.
https://www.facebook.com/100030544402318/videos/167286676247765