01
сентябрь
2023
«Мектебім- мейірім мекені» тәрбие сағаттары
«Мектебім- мейірім мекені» тәрбие сағаттары
Бағдарламаға сәйкес 1 қыркүйек күні салтанатты жиынды алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шара ретінде жалғастырды.
Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Бірыңғай сынып сағаттары барысында балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулері талқыланды, заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолданды.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілді.