"Аттандық бала шақтан болашаққа!" атты іс-шара өткізілді.
Мектебіміздің 4 "А" сыныбында қолдарына қалам ұстатқан алғашқы ұстазы Асқарбекова Жаннұр Шалқарқызымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелгін көрсету, білім ордасы-мектепті және ұстаздарды құрметтеу, білімге деген құштарлықтарын арттыру, өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу мақсатында "Аттандық бала шақтан болашаққа!" атты іс-шара өткізілді. Оқушылар өз өнерлері мен білімдерін паш етті. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар ұстаздарға алғысын айтып, балаларға сәт-сапар тіледі.