Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының Алғыс хаты
«Ұстаз шам сияқты. Ол басқаларға жарық беру үшін өзін ерітеді» деп, нақыл сөзде айтылғандай, мектебіміздің ұлағатты ұстаздарының бірі және бірегейі-Нургазина Гульжан Ергазиновна жайлы дәл осылай айтуға болады.
Өзінің ұстаздық еңбек жолын 1980 жылы бастаған ұстаз, осы уақытқа дейін қаншама шәкіртті білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, оқушылардың бойларына жақсы қасиеттері дарыта білген жан. Осы зор еңбегінің нәтижесі болар, Гульжан Ергазиновна Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының Алғыс хатымен марапатталды.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттердің бойына жеткізе білгенімен қатар, бойындағы бар жинап-терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білген, балалардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен ұстазымызға еңбегіңіз жана берсін дей келе, "Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті" дегендей, атыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!,-дегіміз келеді.
Марапатыңыз құтты болсын!