«Балақайлар мектебі»
Тамыз айының 19 –шы жұлдызынан бастап Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде балаларды бастауыш мектепке дайындау мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Рахимжанова Эльмира Серикболовнаның жетекшілігімен «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықпен қамтылған балаларды мектепке оқуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық кезеңінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді бағдарламасын басшылыққа алып, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып күн сайын сергіту сәттері, қимылды ойындар, дыбыстарды дұрыс және анық айтуға, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау , шағын әңгімелер құрастыру, 10 көлемдегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратуға байланысты тапсырмалар мен түрлі әдіс тәсілдер қолданылды. Оқушылар күнделікті сабаққа қатысып, сабаққа белсенділік танытты.