09
январь
2023
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылы 09 қаңтар күні “Курстан кейінгі кері байланыс” семинар- тренинг өткізілді.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен өте құнды әрі мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Осы орайда «Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылы 09 қаңтар күні “Курстан кейінгі кері байланыс” семинар- тренинг өткізілді. «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» атты курсты мектебіміздің математика пәні мұғалімі Жунусова Гульжанат Толеубековна аяқтап келіп, мектеп ұстаздарымен іс-тәжірибе алмасты. Мақсаты: оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мектеп педагогінің аналитикалық құзыреттілігін дамыту.
Сонымен қатар мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Скакова Айым Серікқызы «Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатыны, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратыны түсіндіріп өтіп, өзінің сабақтарында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.