10
март
2023
Шар ст. ЖПб бастығының м.а. полиция аға лейтенанты М.С.Дакыбаев және Шар ст. ЖПб ППТ-ның полицейі полиция кіші сержанты Байгапанов С.Б. мектептің 9-ші сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
2023-ші жылдың наурыз айының 10 күні Шар ст. ЖПб бастығының м.а. полиция аға лейтенанты М.С.Дакыбаев және Шар ст. ЖПб ППТ-ның полицейі полиция кіші сержанты Байгапанов С.Б. Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласында орналасқан «Т.Көбдіков атындағы» орта мектептің 9-ші сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында теміржолдағы қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін сақтау, теміржолдардан тек арнайы белгіленген орындардан кесіп өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерімен жүруін және оқушыларға теміржол өте қауіпті аймақ болып табылатындығы сондай-ақ темір жол маңында тоққа жақын орналасқан жерлерде жақын жүрмеулерін және вагон астынан өтпеулері туралы толыққанды айтып жеткізіліп, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болмауы туралы айтылды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБт К-нің 442,559 баптарына сәйкес ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жайлы айтылды.