17
октябрь
2022
" Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – нәтижелі білім негізі»
2022 жылдың 17 қазанында 11 "А" сыныбында " Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – нәтижелі білім негізі» тақырыбында ата - аналар жинысы өтті.
Мақсаты: ата-аналарға балаларды ҰБТ-ға даярлаудың психологиялық негіздерімен таныстыра отырып, ата-аналар мен балалардың ҰБТ жөнінде түсініктерін кеңейту.
Жиналысқа 11- сынып оқушыларының ата-аналары, пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысты. Сынып жетекшісі Кожебаева Гульжан Шайыховна оқушылардың білім алудағы жетістіктері, ата-аналардың көзқарастары, балаларының дайындық деңгейлері мен белсенділіктерін арттыру қажет екенін атап көрсетті.
Мектеп психологы Елубаева Алия Жанахметовна ата - аналар мен оқушыларға психологиялық тренинг жүргізді.