23
октябрь
2023
Республика күніне кітап көрмесі
Республика күні мерекесіне орай, мектебіміздің кітапханасында «Қазақстан–елім менің» айдарымен көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты оқушыларымызға өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтан етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін, ұлттық құндылықтарын насихаттау.
#oqu_agartu_ministrligi
#абайоблысыбілімбасқармасы
#Біртұтас_тәрбие