Ақпарат » Страница 5 » "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-17-96
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-17-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
21
август
2023
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
Мектебімізде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Калел Ренатаның демеушілігімен 5 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары берілді. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.  Демеушімізге алғысымызды білдіреміз!
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
01
август
2023
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
Мектебімізде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Галиев Рустемнің демеушілігімен 29 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары берілді. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
«Сәт сапар, жас түлек!» салтанатты жиыны өтті.
21
июнь
2023
«Сәт сапар, жас түлек!» салтанатты жиыны өтті.
21 маусым күні мектебімізде мектеп бітіруші түлектерге  арналаған «Сәт сапар, жас түлек!» салтанатты жиыны өтті. Бүгінгі күн – түлектер үшін қайталанбас, маңызды да мәнді, тебіреніске толы күн болды. «Өмір күнделігіне» өшпестей етіп жазылатын ерекше күн! Осынау маңызды күні мектебімізді 14 түлек тәмамдап, оның ішінде  Рамиева Аяжан, Набиолла Асанали, Канеева Ділназ, Мухлис Аяулым - «Алтын белгі» иегерлері атанса, Набиолла Сабина мен Серікқан Ажар «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Мектебіміздің
2023 жылдың 16 маусым күні түлектерімізге негізгі орта білім беру туралы аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті.
16
июнь
2023
2023 жылдың 16 маусым күні түлектерімізге негізгі орта білім беру
2023 жылдың 16 маусым күні түлектерімізге негізгі орта білім беру туралы аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Ажимбетова Каламкас Байкеновна 9-сынып оқушылары мен ата-аналарын құттықтап, аттестат табыстады. Биыл 9-сыныпты 20 оқушы аяқтаса, оның ішінде 5 оқушы "Үздік аттестат" иегерлері бар. Жас түлектерге ақ жол тілейміз!  
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 1 маусым күні «Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.
01
июнь
2023
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 1 маусым күні
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 1 маусым күні «Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ұйымдастырылып, өткізілді. Мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан білім ордасынан биыл 14 түлек ойдағыдай білім алып, үлкен өмір жолдарына қанат қаққалы отыр. Жүректері лүпілдей соққан осы түлектерге деген ыстық ықыласты жылы лебіздерін білдірген мектебіміздің директоры Ажимбетова Каламкас Байкеновна мектептің 2022-2023 оқу жылындағы
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ- нде 30 мамыр күні сабақтар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар бойынша өткізілуде.
30
май
2023
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ- нде 30 мамыр күні сабақтар
2022-2023 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ- нде 30 мамыр күні сабақтар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар бойынша өткізілуде.  
«Болашаққа бастар жол»  тақырыбында оқушыларды мамандықты негізді, саналы және өз бетінше таңдауға байланысты тренинг өткізді.
30
май
2023
«Болашаққа бастар жол» тақырыбында оқушыларды мамандықты негізді,
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» атауымен өтіп жатқан республикалықакция аясында мектеп психологы Асылжан Аскаровна 9-11 сынып оқушыларымен «Болашаққа бастар жол»  тақырыбында оқушыларды мамандықты негізді, саналы және өз бетінше таңдауға байланысты тренинг өткізді.  Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. - Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.
"Аттандық бала шақтан болашаққа!" атты іс-шара өткізілді.
30
май
2023
"Аттандық бала шақтан болашаққа!" атты іс-шара өткізілді.
Мектебіміздің 4 "А" сыныбында қолдарына қалам ұстатқан алғашқы ұстазы Асқарбекова Жаннұр Шалқарқызымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелгін көрсету, білім ордасы-мектепті және ұстаздарды құрметтеу, білімге деген құштарлықтарын арттыру, өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу мақсатында "Аттандық бала шақтан болашаққа!" атты іс-шара өткізілді. Оқушылар өз өнерлері мен білімдерін паш етті. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар ұстаздарға алғысын айтып, балаларға сәт-сапар тіледі.