25
декабрь
2022
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ
25 қараша – 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бойынша 1 желтоқсан күні «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!» айдарымен оқушылармен ашық әңгіме жүргізілді.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау.
