05
февраль
2025
Аудандық семинарда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Камалиева іс-тәжірибесімен бөлісті
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-ақпанында Шуақ ауылы №236 орта мектебінің базасында жалпы білім беру мекемелерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Сабақтың тиімділігін арттыру үшін ағылшын тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсаты: ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру; қазіргі заман талабына сай оқыту процессін жандандыру, сапалы, жаңашыл технологиялар арқылы өскелең ұрпақтың білім алу жағдайын ұлғайту.
Семинарда мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі М. Н. Камалиева « Healthy Bodies Reading» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
