19
октябрь
2024
Мектеп Парламент президентін сайлау
Мектебімізде 19 қазан күні жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында Мектеп парламентінің президентін сайлау өтті. Сайлауға 5-11 сыныптан барлығы 123 оқушы қатысты. Сайлауға қатысуға өтініш білдірген 4 үміткердің арасынан 51% дауыс жинап, мектеп парламентінің президенті болып, 9 “А” сынып оқушысы Бейсетай Диана сайланды.