08
март
2025
Мектепішілік "Көктем аруы-2025" сайысы
Жаңартылған "Біртұтас тәрбие" бағдарламының "Шабыт" жобасын іске асыру мақсатында, мектебімізде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Көктем аруы-2025» сайысы өтті. Сайысқа 7-11 сыныптардан 7 ару қатысты. Cайыстың мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық құндылығымызды, адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік туралы ұғымдарды сіңіре отырып, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты туралы түсіндіріп, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Сайысқа мектебіміздің қамқоршылық кеңесі мүшелерінің құрамындағы ата-аналар төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша, «Бас жүлдені» 8 «Ә» сынып оқушысы Абдрахманова Айша иеленсе, 1-орынды 11 сынып оқушысы Қайратқызы Еркеназ, 2 –орынды 7 «А» сынып оқушысы Түсіпжан Сезім иеленді.