29
ноябрь
2024
“Электрондық темекінің зияны” презентациясын қорғау
2024 жылдың 29-шы қараша күні мектебімізде “Электрондық темекінің зияны” презентациясын қорғау бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, өткізілді.
7-сынып оқушылары электрондық темекінің денсаулыққа тигізетін зияны туралы деректер ұсынды. 8-сынып оқушылары экологиялық мәселелер және жасөспірімдер арасындағы темекіге тәуелділіктің алдын алу жолдары туралы ойларын жеткізді.