03
февраль
2025
Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні
Ақпан - жасампаздық және жаңашылдық айының алғашқы аптасында жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында бекітілген жоспарға сәйкес,
4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне орай мектебімізде сынып сағаттары өтті. Бұл күн әртүрлі елдерде интернет қауіпсіздігі, балалар мен жастарды онлайн қауіптерден қорғау және интернетті жауапкершілікпен пайдалану туралы ақпарат тарату мақсатында атап өтіледі. Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күнінің мақсаты - интернет кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқорлық, алаяқтық, жекелеген мәліметтерді ұрлау сияқты қауіптерден сақтану жолдарын насихаттау.