Түлектердің ағаш егу челленджі
Жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «СӘУІР – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК" айында «Қамқор» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру және оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында түлектердің ағаш егу дәстүрі челленджі ұйымдастырылды. Ағаш егу – түлектеріміздің туған жерге деген құрметінің жарқын көрінісі. Егілген әрбір жас көшет – болашақтың символы, жаңа бастамалардың бастауы. Бұл ағаштар жылдар өте тамырын тереңге жайып, көлеңке беріп, табиғатымыздың көркін арттыра түседі.
Мектеп бітірушілер үшін бұл шара – тек экологиялық акция ғана емес, сонымен қатар олардың өз білім ұясына қалдырған ізі, келешек ұрпаққа үлгі болатын игі дәстүр. Бүгін отырғызылған әрбір көшет түлектеріміздің болашаққа деген сенімі мен еліміздің гүлденуіне қосқан үлесінің белгісі болып қала бермек.
Жасыл желек көбейе берсін, түлектеріміздің жолы ашық, болашағы жарқын болсын!
#біртұтас_абай_облысы_жарма
#abaibilimbasqarmasy