"Сөзі алтын хакім Абай " атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы
Сәуір айының 9 жұлдызында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Бигозинова Т. мен А. Р Камбарованың ұйымдастыруымен Абайдың 180 жылдық мерей тойына сәйкес, 7,8,9сыныптар арасында "Сөзі алтын хакім Абай " атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мақсаты: Ұлы Абай шығармашылығын оқушы бойына сіңіру, тағылымы арқылы балаларды ақынды құрмет тұтуға тәрбиелеу. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ :»Абай әлемі», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және «Абай айтқан асыл сөз». Нәтижесінде 7-сынып оқушысы Түсіпжан Сезім 1 орын алса, Бауыржанқызы Аңсаган 2 - орынды еншілеп, 9-сынып оқушысы Бейсетай Диана 3- орынға жайғасты. Сайыс кезінде тек өлеңдері ғана емес, сонымен қатар қара сөздері айтылып,8-сынып оқушысы Жайлауғазы Талшын ұлы ақынға арнауын айтты. Сайыс өте қызықты болып, оқушылар жақсы көңіл - күйге бөленді.