22
апрель
2025
«Киелі Шар өңірінің төл перзенті!» атты әдеби шығармашылық кездесу
Жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «СӘУІР – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК" айында «Балалар кіапханасы» жобасын іске асыру мақсатында, « Ұлттық кітап күні» аясында, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, баспа және полиграфия ісінің қайраткері, Жарма ауданының құрметті азаматы Белдеубаев Рамазан Кенжеханұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
«Киелі Шар өңірінің төл перзенті!» атты әдеби шығармашылық кездесуімізге мектебіміздің ұстаздары және 9-10 сынып оқушылары қатысып, кереметтей ағамыздың әңгімесіне сусындап, сұрақтар қойып, өздеріне керекті көптеген мағлұматтар алды. Кеш соңында ағамыз мектепке «Бақыт белесі» атты жинағын авторлық қолтаңбасымен сыйға тартты.