13-17 қаңтар аралығында химия- биология апталығы өтті
"Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ 2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында химия- биология апталығында "XXI-ғасыр білімді, қабілетті жастар ғасыры" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: химия және биология пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушылардың бойында түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Қазақ халқының ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов «халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті, жан жақты жастар қажет. Сайысымызға мектебіміздің нағыз дүлдүлдер өз білімдерін сынға салды. Сайысқа 7-10 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.
Оқушылар келесі сайыстарда өз білім, дағды, іскерліктерін көрсетті:
1. Биологияда суреттер сөйлейді
2.Формулалар әлеміне саяхат
3. Биологияда модельдеу әдісі
4. Химия ғажайып ғылым (қызықты тәжірибелер)
5. Зымыран сұрақтар.
Биологияда модельдеу әдісі сайысында оқушылар модельдеу арқылы күрделіні қарапайымға, көрінбейтінді және түйсінілмейтінді көрінетінге, түйсінілетінге, белгісізді белгіліге келтірді, яғни, кез келген күрделі объектіні мұқият және жан-жақты түсіндіре алды. Оқушылардың өз қолдарымен дайындаған модельдерін тамашаладық.
Химия ғажайып ғылым (қызықты тәжірибелер) сайысында
Химия заттар және олардың айналуы туралы ғылым болғандықтан, біздің айналамызда химиялық реакциялар үздіксіз жүріп жатады, бірақ оны біз бірде қайқаймыз бірде байқамаймыз. Оқушылардың дайындап келген қызықты тәжірибелерін қарай отырып, біз осы бір ғажайыпқа толы сырлардың, әртүрлі өзгерістердің куәсі болдық. 21 ғасыр білім ғасыры деп айтуға болады.
Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өз білімдерін, іскерліктерін дәлелдей білді.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайысқақатысқан жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.