Қомқоршылық кеңес
«Т.Көбдіков атындағы орта мектеп» КММ – не Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде
Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар
қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық
кеңес – «Т.Көбдіков атындағы орта мектеп» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық
базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз
ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10
күн ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары:
Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/72345/ 2-19-45
Мектеп
директоры Б.Омаров
Ұялы тел: 8(778)7385849
Электрондық
почта: cobdicova@mail.ru