Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
Бала еңбегін пайдалану бүкіл әлемде орын алып отырған, шешуін таппастай түйін болып келе жатыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психологиялық дамуына оңалмайтындай нұқсан келтіреді. Түрлі ақпарат көздерін негізге алып қарайтын болсақ, ауыр еңбекке әлеуметтік жаңдайы төмен немесе толық емес отбасының балалары араласады. Оған себеп болушы – олардың білім алуға, қажеттіліктерін ата-ананың өтей алмауы.
Осы жағдайда «Уайымсыз балалалық шаққа жымиып қараңыз!» атты ұранмен бастама алып, бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аударту мақсатында жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Бала еңбегін пайдалану салдарынан елімізге жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп отыр. БАҚ құралдары, теледидар, радиодан айтылып жатқан түрлі мәселелерге қарамастан, оның түбіне балта шабылмақ емес. Заңдық және әкімшілік бақылаудың жеткіліксіздігінен қалаға барып, базар жағалап жүретін жасөспірімдерді қай-қайсымыз болсын көзіміз шалып жататыны айқын.
Халықаралық еңбек ұйымының пікірі бойынша, Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады:
-ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, жүзім, темекі және т.б.);
-үй шаруашылығы;
-еңбегін пайдалану (ауыл, қала), ауыл шаруашылығы мектептері ( мектеп жанындағы учаскелер, базарлар, мал шаруашылығы (мал бағу), құрылыс, шағын бизнес (қара жұмысшы ретінде, май, бензин құю стансаларында, базарларда тауарларды түсіру және тиеу;
-көліктік қызметтер (шағын автобустағы кондуктор);
-қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп-қонушылар, дені сау адамдар мен мүгедектер);
-ұсақ тонау;
-есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу, мектептерге, шетелге, ел ішіндегі шабарман болу);
-ата-аналардың, қамқоршылардың бала еңбегін пайдалану (балаларды сату); пайда табу үшін бала асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу, әлеуметтік жәрдемақылар, пайда алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету;
Менің ойымша, бала еңбегін пайдалануға әсер етуші фактор есебінде,
-жұмыссыздық пен тұрмыс деңгейінің төмендеуі; бірнеше балалы көптеген отбасылар балаларын жұмыс істеуге жіберуге мәжбүр.
-отбасылық қарым-қатынастардың өзгеруі мен экономикалық құрылымдағы өзгерістер, оның ішінде 6 жасар балалардың өздері (сондай-ақ ата-аналары мен үлкен аға-апалары) жеке басының қамын ойлауға түрткі болады;
-өмірлік құндылықтардың өзгеруі, кейбір балалар білім алғаннан гөрі, жұмыс істеп пайда тапқанды жөн көруі себеп.
Қорытындылайтын болсам, қоғамдағы балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, білім беру мекемелерін қатыстыруды жандандыру.
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-ң
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Даулетханова Маржан