"Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ-де қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Шығармашыл ұстаз – дарынды оқушы» атты сайысы » "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-17-96
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-17-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ-де қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Шығармашыл ұстаз – дарынды оқушы» атты сайысы
31
январь
2020

"Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ-де қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Шығармашыл ұстаз – дарынды оқушы» атты сайысы

"Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ-де қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.С. Тогызбаева мен «Жас дарын» орталығының жетекшісі Э.С.Рахимжанованың ұйымдастыруымен шығармашыл ұстаздар мен талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында «Шығармашыл ұстаз – дарынды оқушы» атты сайысы өтті. Сайысқа әр бірлестіктен екі жұптан қатысып, өз өнерлерін паш етті. Олар: Бастауыш сынып мұғалімі Бабаева Гульжанат Темирбековна дарынды оқушысы Амангелді Назар Думанұлы. Бастауыш сынып мұғалімі Рахимжанова Эльмира Серикболовна мен өзінің дарынды оқушысы Амаева Сану Тахировна. Математика пәнінің мұғалімі Себаева Гүлден Советжановна дарынды оқушысы Қайратқызы Еркеназ. Еңбек және бейнелеу пәнінің мұғалімі Думан Найманғазыұлы. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сембекова Ардак Сембековна оқушысы Тәңірбергенова Айдана. Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Камалиева Мөлдір Нурмухаметовна оқушысы Берікболова Аймара. 

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі дегендей қатысушыларымыз сайыстың әр кезеңіне өте жақсы дайындықпен келді. Ең алдымен оқушы мен мұғалімнің бір-бірін жетістіктерін, команда атын және эмблемасын   презентация және  видео түрінде таныстырды. Екінші кезең бойынша ұстаз бен дарынды оқушының бірлескен жұмыстарын көрсетіп, шығармашылық лабораториясын өткізді. Шығармашылық лаборатория формасын конкурсқа қатысушылар өздігінен анықтап,  жоба, практикалық жұмыс түрінде көрсетті. Өнерлі   де, талантты жұп кезеңінде бастауыш сынып мұғалімі Э.С.Рахимжанова оқушыларымен Абай Құнанбаевтың балалық шағынан шағын көрініс көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімі Бабаева Г.Т. оқушысымен Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнің домбырамен екі тілде шырқады. А.С.Сембекова оқушысымен Абай Құнанбаевтың өлеңін мәнерлеп оқыса, М.Н Камалиева «Желсіз түнде жарық ай» әнін көрермендерге паш етті.

Сайыстың қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Бабаева оқушысы Амангелді Назар І орын, бастауыш сынып мұғалімі Э.С.Рахимжанова оқушысы Амаева Сану ІІ орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Сембекова оқушысы Тәңірбергенова Айдана ІІІ орын иеленсе Г.С. Себаева оқушысы Қайратқызы Еркеназ «Шығармашыл жұп», «Жаңашыл жұп», Думан Наймангазыұлы «Жаңашыл ұстаз», М.Н. Камалиева оқушысы Берікболова Аймар «Көрермендер көзайымы» номинациясын алды. Қатысушыларға мадақтамалар беріліп, сыйлықтар табысталды.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив