01
май
2018
Рухани жаңғыру
Елбасының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында
«Алмас тіл асыл сөзден
нақыс салып» - ашық есік іс-шарасы туралы.
2018 жылдың 10 сәуірінде Білім бөлімінің ұйымдастыруымен
"Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тәрбие және
білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша Т.Көбдіков атындағы орта
мектебінде халық ақыны Т. Көбдіковтың 144 жылдығына орай шығармаларынан «Алмас
тіл асыл сөзден нақыс салып» атты ашық есік іс-шарасы өтті.
Белгілі Абайтанушы
Омаров Аслан Қайырбекұлы,
Семей қаласы « Абай» Республикалық әдеби-мәдени
қорық-мұражайының ғылыми қызметкері, ақынның немересі-Төлеуова Шынар Мұратқызы,
Облыстық сәулет этнографиялық және табиғи
ландшафтылық музей қорығының жетекшісі: Гүлжан Қойшыгүл, ардагер ұстаздар
Мұсатаев Қыдыр Мұсатайұлы, Ирбаев Серікжан Жармұхаметұлы, ақынның туыстары және
аудандық білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің
мұғалімдері, дарынды, шығармашылықпен айналысатын 8-10 сынып оқушылары.
Қатысушыларды облыстық сәулет этнографиялық және
табиғи ландшафтық мұражай қорығының жетекшісі Г.Қойшыгүл Т.Көбдіков өміріне
арналған Өскемен қаласынан арнайы әкелген көрмемен таныстырды. Іс-шара 9 сынып
оқушысы А.Садвакасованың орындауындағы «Туған жер» әнімен басталды. Мектептің
жас дарындары Тілеуберді Нұрасыл Т.Көбдіковқа «Арнауын» Омыралды Айзада эссе
шығармасын ұсынды.
Сыр-сұхбат бөлімінде:
Белгілі Абайтанушы Омаров Аслан Қайырбекұлы;
Семей қаласы « Абай» Республикалық әдеби-мәдени
қорық-мұражайының ғылыми қызметкері, ақынның немересі-Төлеуова Шынар Мұратқызы
оқушылардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына нақтылы жауаптар беріп, ой
бөлісті.