Қаңтар айының 20-27 аралығында өткізілген ағылшын тілі пәнінен өткізілген апталық. 2019-2020 оқу жылы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі»КММ-сі
Қаңтар айының 20-27 аралығында өткізілген
ағылшын тілі пәнінен өткізілген апталық
20 қаңтар күні ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты лездемеде оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар ағылшын тілінде өлең жолдарын оқып,жоспармен таныстырылды.
Сол күні 4 «ә» сыныбымен Камалиева М.Н «Weather» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты қойылған.Амандасудан басталып, үй тапсырмасы сұралды. Жаңа тақырыптар түсіндіріліп, топпен және жұптық , жекелей жұмыстар жүргізілді.Оқушылармен сергіту сәті орындалды.Сабақ соңында оқушылар стикермен бағаланды.Сабақ сәтті аяқталды.
21 қаңтар күні «Who is the best?»сыныптан тыс сайыс сабақ 8 «а» және 8 «ә» арасында Карабаева А.Ж өткізді. Сайыс сабақ өте тартымды әәрі қызықты өтті. Сайыс 8 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде әртүрлі тапсырмалар берілді. Оқушылар қызыға және мұқият орындап отырды. Сайыс соңында ұпай санымен 8 «ә» жеңіске жетті.
22 қаңтар күні Карабаева А.Ж 9 «ә» сыныбымен «The promised land. Asan Kaigy» ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты анық қойылған. Сабақ өз деңгейінде өтті. Мақсаты мәтіннен белгілі бір ақпараттар мен негізгі идеяларды анықтау және кейбір негізгі ойларды әңгімелеу үшін мақсатты лексиканы қолдану; . әр түрлі көзқарастарды құрметтеу;кең және жалпы тақырыптар бойынша қолдау көрсетілмейтін кеңейтілген әңгімедегі мағынаны контекстен шығару; . Сабақ барысында ойын элеметтері қолданылды . Сергіту сәті ретінде ойын технорлогиясы қолданылып әрі оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілеттерін қалыптастырылды. Оқушыларға үшін сөйлеу дағдысын дамыту барысында «микрофон » әдісі өте әсерлі болды. Сабақ соңында топ басшылары әрбір топтастарын бағалап, мұғалім үй тапсырмасын берді. Сабақ өз мақсатына жетті.
23 қаңтар күні 3 «а» және 3 «ә» сыныптар арасында Камалиева М.Н. сыныптан тыс «I know English» сайысын өткізді.Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрды.Әр кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар қойылды.Әр сұрақтың жауаптары 3тілде аудырылды. Көрермендерге сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді болды. Сайыс соңында 3 «ә» сыныбы жеңіске жетті.
24 қаңтар күні 8 және 10сыныптар арасында «Trilingualizm- Abai, Puskin, Skakespear`s language»атты әдеби сазды кеш өткізілді. Биыл халқымыздың ұлы ақыны,жазушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Карабаева Арайлым Жакибековна және Камалиева Мөлдір Нұрмұхамбетовна «Trilingualizm – Abai, Puskin, Shakespear`s language» тақырыбындағы әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өткізді. Кештің мақсаты әр кезеңде өмір сүрген қазақ, орыс, ағылшын халқының ұлы тұлғалары – Абай, Пушкин, Шекспирдің шығармашылықтарындағы ортақ үйлесімді көрсету болды. Әдеби- музыкалық шығармашылық кешке 8-10 сынып оқушылары қатысып, өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Кештің басталуы Пушкин заманындағы мерекелік балмен басталып, Пушкин және Наталья Гончароваға қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевтан қонаққа шақырту хаты келеді. Оған қоса ұлы ақындарға ағылшын жазушысы Шекспирда келіп қосылады. Ары қарай үш ақын оқуышылардың мерекелік кешіне қатысу бұйырады. Әдеби- музыкалық шығармашылық кеште 8-9 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін үш тілде оқып, Татьянаның Онегинге хатын екі тілде тамашалады.Сонымен қатар, Шекспирдің 40,98 сонеттері жатқа айытылды. Ұлы ақын Абайдың 16,24,31 қара сөздері қазақ ,орыс және ағылшын тілдерінде оқылды. 9 а сынып оқушысы Күнтай Еркежан жанды дауыста Абайдың «Көзімнің қарасын» әнін орындап көрермендерді таң қалдырды. Кеш соңында 8 ә сынып Рамиева Аяжан және Даулетова Еркежан «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен қорытындылады. Мектебімізде әдеби-музыкалық шығармашыдық кеш өте тартымды және қызықты өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері өз шеберліктерін көрсетіп, кешіміз өте жоғары деңгейде ұйымдастырғандықтан, оқушылардың шығармашылығы жоғары деңгейде бағаланды. Болашақта да осындай іс-шараларды көптеп өткізіп, мектеп оқушыларының арасында талантты , актерлік шеберліктер басым оқушыларды анықтау көзделуде.
Апталықтың соңғы күні «I`m a singer» атты музыкалық әуен сайысы өтті,
4 және 9сыныптар арасында әр сыныптан оқушылар шығып, ағылшын тілінде кез келген әнді шырқады, сайыс өте тартымды әрі қызықты өтті. Әрбір қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар,апталық барысында сыныптар әр мемлекеттерге саяхат жасау арқылы 6-10 сыныптар арасында «English in the world» тақырыбын ала отырып , қабырға үн қағаздарын шығарды. Мақсаты оқушылардың әр мемлекетке деген патриоттық сезімін ояту,Отанаға адал қызмет ететін жасөспірімдерді тәрбиелеу басты бағыт болды.әр сынып өз шеберліктерін танытып ,өте белсенді ат салысты.
Апталық соңында лездемеде ағылшын тілі апталығының қорытындысы шығарылып,барлық сыныптар мақтау қағазадарымен марпатталды.
Ағылшын тілі пән мұғалімдері:
Карабаева А.Ж
Камалиева М.Н