2019-2020 оқу жылының 24-28 ақпаны аралығында өткен орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті.
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нде
2019-2020 оқу жылының 24-28 ақпаны аралығында өткен орыс тілі мен әдебиеті апталығына
А Н Ы Қ Т А М А
Дүйсенбі күні «И сохраним тебя, русская речь, Великое русское слово» ұранымен апталықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері С.Ж.Орынбаева мен А.С.Сенбекова лездеме қатысушыларын құттықтап, іс-шараны үш тілде әдеби маонтаж дайындаған оқушылар жалғастырды. Апталықтың мақсаты қазіргі кезде шет тілі болып кеткен орыс тіліне деген оқушылардың қызығушылықтарын тудырып, орыс халқының ділімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру болғандықтан, жоспарға тиүрлі іс-шаралар енгізілді.
Апталық барысында 5-10 сынып оқушылары «Масленица – проводы зимы» тақырыбында қабырға үнқағаздарын шығарды.
Сәрсенбі аптаның жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері С.Орынбаева 8 «Ә» сыныбында «Культура питания» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 9 «Ә» сыныбында А.Сенбекова «Творчество Саши Черного» тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Ашық барысында мұғалімдердің біліктілігі мен шеберлілігі білінді. Сабақта әр түрлі әдістер қолданылып, оқушылар пән бойынша өздерінің білімдерін көрсете алды.
Оқушылардың орыс тіліндегі сауаттылығын арттыру мақсатымен 10-11 сынып оқушылары арасында «Орфографический флешмоб» тықырыбымен ауқымды іс-шара орын алды.
Әйгілі орыс жазушысы А.П.Чеховтың 160-жылдығына орай «смех сквозь слезы» тақырыбымен әдеби кеш өте жоғары деңгейде өткізілді. Әдеби кеште жазушының өмірбаянына тоқталып, 9 «А», 8 «Ә» сыныбы оқушыларының қатысуымен қаламгер әңгімелерінің ішіндегі «Толстый и тонкий» және «Лошадиная фамилия» бірігей туындыларының сахналауы көрермендерге жол тауып, тамаша әсер қалдырды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында «Мама, тебе посвящается» тақырыбымен орыс тілінде мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, жас бүлдіршіндердің тіл игеру дәрежесі сыналды.
Апталықтың соңында мектебімізде дәстүрлі болып кеткен Масленица мейрамы ата-аналардың қолдауымен өткізілді. Масленица кезінде ежелгі салт бойынша оқушылар орыс халқының дәстүрлі тағамдарын дастарханға қойып, әр сынып өнерлерін көрсетті. Соңында сабаннан жасалған қуыршақ барша жамандықтың нышаны ретінде жағылып, орыстардың байырғы дәстүрі жүзеге асырылды. Мұғалімдер мен ата-аналар ризашылығын білдіріп, қолдау тапқан іс-шара оқушылардың қызығушылығын оятты.
Орыс тілі апталығының қорытындысы шығарылып, оқушылар сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйымдастырған апталық өз мақсатына жетті деп айтуға болады.