16
сентябрь
2022
«Үздік педогог-2022» байқауы өткізілді
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ жұмыс жоспары бойынша қыркүйек айында мұғалімдердің біліктілігін көтеру, олардың өз бетінше білімін жетілдіру мақсатында «Үздік педогог-2022» байқауы өткізілді. Байқауға пән мұғалімдері қатысты, олар математика пән мұғалімі Г.Т.Жунусова, ағылшын тілі пән мұғалімі К.Ш.Шарипханова, тарих пәні мұғалімі Т.Б.Канеева, бастауыш сынып мұғалімі Э.С.Рахимжанова. Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педогогтарды қолдау және кәсіби педогогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында ниет білдіріп, 3 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
«Үздік педогог-2022 » байқауы 3 кезең бойынша өткізілді.
І- оқыту тілінде портфолио
ІІ-15 минуттық бейнесабақ
ІІІ- тақырып бойынша 500 сөзден аспайтын ЭССЕ
Байқау қызықты да тартымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қараған. Жоғары ақпараттық мәдениеттілік, білім мен білікті дарындылықты көтеріңкі көңіл сезімін көрсете білді. Байқау қорытындысына сәйкес І- орын К.Ш.Шарипханова, ІІ-орын Г.Т Жунусова иеленді. Байқау мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.