22
сентябрь
2022
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік конкурсы өтті.
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" КММ
2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік конкурсы өтті.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеті:
• оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
• оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуметін қалыптастыру;
Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету мақсатында жобаларды қорғау келесі ереже бойынша келесі секцияларда жүргізілді:
1. қазақ тілі мен әдебиеті;
2. орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
3. математика, информатика;
4. физика, техника;
5. медицина, психология;
6. тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7. химия, биология;
8. экология, валеология;
9. Робототехника.
Нәтижесінде
І орын - 2 "Ә" сыныбы оқушылары Құрманбекова Ақниет, Қаршыға Әдемі, 2 "А " сыныбы оқушысы Қабылғазы Мейір, 4 "А" сыныбы оқушылары Архат Гүлім, Серекбай Әдия Асқарқызы. 7"А" сыныбы оқушысы Ахметкали Жулдыз. 6 "Ә" сыныбы оқушысы Сайлаухан Ернар, 5 "А" сыныбы оқушысы Қабылғазы Таир.
ІІ орын 7 "Ә" сыныбы оқушысы Тусупжан Раджан, 6 "Ә" сыныбы оқушысы Урашева Назым.