26
ноябрь
2020
2020 жылдың 19-20 қарашасы аралығында онлайн режимде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 700-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн режимде тест тапсырмаларын орындады.
Нәтижесінде:
Ағылшын тілі пәнінен:
І орын- Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Манапов Жомарт. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!