12
октябрь
2022
«Халық тарих толқынында» атты тарих апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2022 жылдың 12 қазан күні «Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-де «Халық тарих толқынында» атты тарих апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттары белгіленген. Сабақ барысында орындалған тапсырмалары мақсаттарға сай.
Сабаққа 17 оқушы қатысып, 4 топқа бөлінді. Сабақ оқушылар арасында психологиялық ахуал туғызумен басталып, өткен тақырыпқа шолу болды. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде PADLET онлайн тақтасы арқылы картамен жұмыс жүргізілді. Электронды картаға оқушылар КСРО бойынша және Қазақстанда тың игеру аймақтарын белгілеп, неге осы облыстар таңдалғанына 2 себеп келтірді.
Тыңайған жерлерді игерудің салдарын талдау үшін 4 топқа бағыттар бөлініп берілді: экономикаға әсері, әлеуметтік-демографиялық өмірге тигізген әсері, мәдениетке және экологиялық зардаптары. Әр топ өз тақырыбын қорғап, қорытынды жасады. Сабақ соңында бейнеролик көрсетіліп, балалар тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз салдарын талдады. Кері байланысқа балалар ПОПС формуласы бойынша қорытынды жасап, Кеңес Одағының экономиканың экстенсивті бағытын таңдауы қате шешім болғаны туралы қорытынды жасады.
Сабақ соңында бағалау парағы бойынша оқушыларға бағалар қойылып, үй тапсырмасы берілді.