09
ноябрь
2022
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9-10 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кещеңі өткізілді.
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9-10 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кещеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыру;
-талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету.
Ғылыми жобалар конкурсына 157 оқушы қатысып, нәтижесінде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Рамиева Аяжан I орын, 10 сынып оқушысы Рамазан Әлижан I орын, 9 сынып оқушысы Азтаева Гүлім II орын, 10 сынып оқушысы Турсунбаева Ақерке II орындарды иеленді. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!