13
февраль
2023
Ақпан айының 13 күні мектебімізде "Мамандықтар әлемін ашамыз" республикалық форумының мектепішілік кезеңі өтті.
Ақпан айының 13 күні мектебімізде "Мамандықтар әлемін ашамыз" республикалық форумының мектепішілік кезеңі өтті.
Форумның міндеттері: 1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру; 2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту; 3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту; 4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту; 5) білім алушылардың түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11-17 жас (18 жасқа дейін) оқушылар қатысты.
Форумды өткізу келесі кезеңдерден тұрды.
1."Мен мамандықты таңдаймын" үш оқушы қатысты олар: Рамиева Аяжан,Набиолла Сабина,Серікқан Ажар
2. "Болашақтың мамандығы" екі оқушы қатысты Азтаева Гүлім,Нурмухамбет Али.
3."Менің кәсібім - менің бизнесім" бизнес жоспардың жобасын қорғау байқауы .Бұл байқауға екі оқушы қатысты олар: Набиолла Асанали , Рамазан Әлижан.
4."Мамандық тұлғасы" бейнесюжеттер байқауы - өз өлкесінің қандай да бір мамандық өкілі туралы бейнесюжет. Бұл байқауға екі оқушы қатысты: Сербол Гүлім, Жайлауғазы Талшын.
Сайыс өз мәресіне жетіп оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, жүлделі орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.