08
февраль
2023
2023 жылдың 30 қаңтары-3 ақпаны аралығында Жарма ауданы білім беру мекемелерінде республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиада Георгиевка орта мектебінің базасында электронды форматта "1 компьютер-1 оқушы-1 камера" принципі негізінде "EL UMITI цифрлық онлайн платформасы" ақпараттық жүйесінде прокторинг жүйесін қолданумен өткізілді. Қатысушыларға жауап парақтары, тапсырмаларды алу үшін жеке логин, пароль беріліп, олимпиада кезінде бейнежазу мен Youtube каналында тікелей эфир жүргізілді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен 300-ден астам оқушы қатысты.