1-қазан Қарттар күні
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің еңбегі ерекше. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Осыған орай, мектебімізде 1-қазан қарттар күніне орай, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздарымыз бен мектебіміздегі оқушылардың ата-апалары құрметті қонақ ретінде шақыртылды.
Қонақтармен қызықты тренингтер өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды, әсем ән мен күй төгіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.