Теміржол қауіпсіздігі" тақырыбында кездесу
2023-ші жылдың қараша айының 8 күні Шар ст. ЖПб ППТ-ның полицейі, полиция аға сержанты Кенесхан Ж. мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларымен "Теміржол қауіпсіздігі" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында теміржолдағы қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін сақтау, теміржолдан тек арнайы белгіленген орындардан кесіп өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерімен жүруін және оқушыларға теміржол өте қауіпті аймақ болып табылатындығы6 сондай-ақ темір жол маңында тоққа жақын орналасқан жерлерде жақын жүрмеулерін және вагон астынан өтпеулері туралы толыққанды айтып жеткізіліп, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болмауы туралы айтылды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБт К-нің 442,559 баптарына сәйкес ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жайлы айтылды.