19
январь
2023
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі "КММ 2023 жылдың 19 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 11-сынып оқушыларымен «М.О.Әуезов әңгімелері. "Қорғансыздың күні". тақырыбында ашық сабақ өтікізілді.
"Т.Көбдіков атындағы орта мектебі "КММ
2023 жылдың 19 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 11-сынып оқушыларымен «М.О.Әуезов әңгімелері. "Қорғансыздың күні". тақырыбында ашық сабақ өтікізілді. Сабақтың мақсаты: шығармадағы кейіпкерлер образын ашу және қазіргі заманмен салыстыру. Үй жұмысын «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы айтты. Шығармалар бойынша 1-тапсырма "Кім жылдам" әдісі арқылы жүргізілді. Әр топ берілген сұрақтар бойынша өз ойларын қоса отырып жауап берді. Екінші тапсырма шығармадағы кейіпкерлердің образын ашу арқылы постер құрып қорғады. 3-тапсырма "Кейіпкерлер сөйлейді" әдісі арқылы шығармалардан кейіпкердің обрызына кіріп үзінділер оқыды. 4 -тапсырма "Пікіталас " әдісі арқылы өтті. Әр топ шығармадағы басты проблемалық сұрақтар арқылы пікірталас арқылы талдады. Бағалау "Білім қоржыны" кері байланыс арқылы сабақты түсінген немесе түсінбегенін асықтар салу арқылы жүргізілді. Үйге тапсырма "Қыз тағдыры-ел тағдыры" тақырыбында эссе жазу берілді.