11
апрель
2023
"Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты математика, физика, информатика апталығы
11 сәуір күні "Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты математика, физика, информатика апталығының бағдарлама жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімі Жунусова Г. Т 5-7 сыныптар арасында "Математикалық лайфхактар" атты шебер сынып өткізді. Мақсаты: оқушыларды шапшаң есептеуге дағдыландыру және есептеуіш техникаларын пайдаланбай есептеудің тиімді тәсілдерін қолдана білуге үйрету.
Шебер сынып барысында оқушылар түрлі лайфхактар (көбейту кестесін саусақ әдісі арқылы тез жаттау, сандардың квадраттарын жылдам табу, оң сандар мен теріс сандарды есептеу кезіндегі түрлі тәсілдер және т.с.с) мен математикалық фокустар көрсетілді. 6 "Ә" сынып оқушысы Сайлаухан Ернар "Жапондық" әдіспен көбейтуді, Демесінова Қарақат "Екі таңбалы сандарды 11—ге көбейтуді", Орысбаев Асылбек 8 бен 9 сандарының көбейту кестесін көрсетті.