12
апрель
2023
«Математикалық кафе» сыныптан тыс сайысы өтті.
11 сәуір күні "Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты математика, физика, информатика апталығының бағдарлама жоспарына сәйкес «Математикалық кафе» сыныптан тыс сайысы өтті.
Мақсаты:
Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушыны тапқырлықпен төзімділікке ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатысушылар үшін үстел әзірленіп, «көршілер», «достар», «туысқандар» сілтемелері қойылады.Ойынға 3 команда 4 оқушылардан қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз».
Сайыс 6 бөлімнен тұрды.
Ас- мәзірі:
Қуырдақ- «Кім үлгерді, сол жеді» берілген есептерді бірінші дұрыс шығарып берген топқа бір ұпай қосылады. Әр есеп бір ұпай.
«Үшбұрыш » қосылған сорпа. Мұнда үш топқа тапсырма беріледі. Қандай заңдылық орындалып тұр,заңдылықты пайдалана отырып белгісіз санды табу керек:
Салат «Ұмытпашы». Берілген салатта топтар жасырылған ғалымдарды табу керек.
«Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға...» әр топ келесі топқа тағам жолдайды. ребустар жолдайды
«Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы. Бұл сұрақтар белгілі бір сандардан тұрады. Берілген сандарға қарап ойыншылар «нені білдіретін сандар» екенін айтуларына болады. Ойыншылардың тапқырлығы мен фантазиясы бағаланады. Соңғы сұрақтағы сан қазақ мақал-мәтеліне байланысты.
Тоқбасар « логика қосылған балмұздақ» логикалық есептер.
Сайыс нәтижесінде: 5-сынып оқушылары 1-орын,
6-сынып оқушылары 2-орын,
7-сынып оқушылары 3-орын иеленді.
https://www.facebook.com/100030544402318/videos/9188178611224321