21
ноябрь
2022
7-9 сыныптар арасында 21.11.2022 күні ағылшын тілінен “English around us” атты сайыс сабақ өткізілді.
7-9 сыныптар арасында 21.11.2022 күні ағылшын тілінен “English around us” атты сайыс сабақ өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты : Оқушыларды ағылшын тіліне әлемдік тіл ретінде қызығушылығын қалыптастыру. Өткен Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттері тақырыптары бойынша білімдерін тиянақтау.Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру. Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түсті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
Бірінші бөлімде сайыскерлер Қазақстан,Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Екінші кезеңде ағылшын тіліндегі мақалдардың жалғасын тауып, қазақша,орысша баламасын айтты.
Үшінші кезеңде оқушылар жылдам ия, жоқ деген сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріліп отырды.
Төртінші кезеңде екі топ тақырыптар,суреттер бойынша сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастап отырды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беріп отырды және ұпай сол топқа жазылды.
Сайыс сабақ оқушылардың белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді болды.Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылды. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталды. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылды. Соңынан қорытынды шығарылды.«Eagles»командасы І-орынды иеленді. «Stars»командасы ІІорын алды. Оқушылар өте белсенді қатысты. Сайыс сабақ тартымды және өте қызықты өтті. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ болғандықтан, балаларға көңілді және жеңіл болды.
Өткізген: Шарипханова Қ.Ш.