«Білімім-Отаныма!» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары
24 мамыр күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына ата-аналары мен ардагер ұстаздардың қатысуымен «Білімім-Отаныма!» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары ҚР Әнұранымен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевтың республика білім алушыларына арналған құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы видеоролик көрсетілді.
Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің алдын-ала дайындауымен әр сыныптың жыл көлемінде республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағлымы бойынша бейнероликтер көрсетіліп, әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударып, марапатталды.
Мектебіміздің 9, 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.