«Білімім-Отаныма!» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары
24 мамыр күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына ата-аналары мен ардагер ұстаздардың қатысуымен «Білімім-Отаныма!» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары ҚР Әнұранымен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевтың республика білім алушыларына арналған құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің алдын-ала дайындауымен әр сыныптың жыл көлемінде республикалық, облыстық, аудандық