Аудандық семинар
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 28 – ақпанында «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нің базасында ауданның білім беру мекемелерінің физика пәні мұғалімдері арасында «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулу, жас мамандарды қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің психологы Оразханова Индира Тлеубаевнаның психологиялық тренингімен бастау алды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде:
П.Теряев атындағы №17 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жастабанова Шынар Ерлановна «Тұрақты магниттер. Магнит өрісі», Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Қайрат Қасиет «Механикалық жұмыс. Қуат», Маяковский атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Рамазан Қабдығалиұлы «Акустикалық резонанс. Жаңғырық», Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бутабаева Гульзат Кабдылашыновна «Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Семинардың пленарлық бөлімінде:
Суықбұлақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Темирбеков Кайрат Ахметканович «Физика пәнін ұлттық тағылымдармен байланыстыра оқыту», Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ентибеков Жарас Аскарович «Физика сабағын оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында баяндама оқыды.
Қорытынды бөлімде білім бөлімінің әдіскері Г. Серікбекқызы пікірін айтып, Өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулу, жас мамандарды қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге, мектеп әкімшілігіне, мектептің пән мұғалімдеріне семинардың өтуіне қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын, ыстық ықылас ниеттерін білдірді.
#абайоблысыбілімбасқармасы