28
февраль
2025
Аудандық семинар
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 28 – ақпанында «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нің базасында ауданның білім беру мекемелерінің физика пәні мұғалімдері арасында «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулу, жас мамандарды қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде:
Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бутабаева Гульзат Кабдылашыновна «Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
#абайоблысыбілімбасқармасы