18
февраль
2025
Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 18- ақпанында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының базасында ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне ағылшын тілінен 27 мұғалім қатысып, нәтижесінде: мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Камалиева Мөлдір Нұрмұхамбетовна ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
